1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Құрманғазы туған жер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер әлемі» атты ерекше балалардың мерекелік концерті өтті. Мәдениет үйінің фоэсінде Ш.Уәлиханов, А.Иманов, №5 «Психологиялық педагогикалық түзеу кабинеті» КМК оқушыларының салған суреттері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі назарға ұсынылды.
«Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер әлемі» атты ерекше балалардың мерекелік концертін Абай атындағы орта мектептің ұстазы Рүстем Тоқаев пен осы білім ұясының 9 сынып оқушысы Нұрайна Таңатар жүргізді. Шара шымылдығы «Гаухартас» тобының биімен, Айзере Шыңғысқызының «Біз бақытты баламыз» әнімен ашылды.
Аудан әкімі Абат Жанғалиев құттықтау сөз сөйлеп: – Бұл бала жүрегіндегі шаттық пен армандардың асқақтайтын, оларға сенім мен шабыт сыйлайтын ерекше күн. Бүгінгі фестиваль кішкентайларымыздың шетсіз шексіз мүмкіндіктерін танытатын, шығармашылық шабытын арттыратын, жаңалықтарымен тамсандыратын алаң. «Бір бала – бір әлем», демекші әрбір бүлдіршін бақытты болуы тиіс. Осы жолда еңбек етіп келе жатқан ұстаздар мен ата-аналарға айырықша алғысымды білдіремін. Барлық бала аман болып, күлімдеген көздерінен шаттық кетпесін. «Бала – болашақ», десек, сол болашақ жарқын, бейбіт және бақытқа толы болсын. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!, – деп аудан әкімінің Алғыс хатымен Абай атындағы орта мектептің инклюзивті қолдау сыныбының логопедтері Жоламан Жанболатов, Айдана Зарипова, дефектологы Аягөз Өтепова, шараның демеушілері Нұрлыбек Машағалиев, Марал Адайбекова, Альмира Алишова, Гүлмайра Ахметова, Тілекші Аболова, өнерпаз балалардың жетекшілері Болат Бидоллаев, Айзада Бауыржанқызы, Динара Серікбаева, Айнұр Бауыржанқызы, Айда Есқабылова, Дина Зарипованы марапаттады. Шараға қатысушы ерекше балаларға аудан әкімінің атынан тәтті сый үлестірілді.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева отыз өнерлі балаларға аудандық мәслихаттың Алғыс хатын, сыйлықтар табыс етті. Келесі кезекте аудандық ішкі саясат бөлімінің жанындағы азаматтық орталықтың мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс бөлімінің маманы Рафхат Ерболатұлы қолөнер көрмесіне қатысқан балаларды «Құрманғазы туған жер» қорының Алғыс хатымен, сыйлықтармен ұлықтады. Аталған қордың басшысы, шараның демеушісі Азамат Абдуллаев мұндай кешті ұйымдастыру бір адамның қолынан келмейтінін айтып, аудан әкімдігіне, аудандық мәслихатқа, аудандық мүгедектер қоғамына, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне, демеушілерге ризашылығын білдіріп, қолөнер көрмесіне қатысқан балалардың үлкен бір тобын Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтарын ұсынды. Аудандық мүгедектер қоғамның төрағасы Ералы Ерсінұлы құттықтап, қатысушы балалар мен ата-аналар атынан Уақиза Нәжімқызы мен Бибігүл Өтегенқызы ризашылықтарын жеткізді. «Біз біргеміз» еріктілер тобының жетекшісі жомарт жанды Тілекші Аболова 19 ерекше балаларға сый-сияпаттарын жасап, ақшалай сертификаттар табыстады.
Шарада барысында ерекше бүлдіршіндерден Мухаммед Тұрмағамбет, Айкөркем Асылжанқызы, Жансель Қарымсақ, Дильназ Сабыржанқызы, Бекнұр Қапашев, Қайырбек Тұрсынбек, Айсана Мустахимова, Аян Азаматұлы, Қазбек Ерланұлы, Айзере Бақытжанқызы, Бекзат Жайсаңбекқызы, Аяулым Абулхайырқызы, Жадыра Амандосқызы, Нұрай Жаңбырбай, ата-аналар атынан Динара Серікбаева өнер көрсетті.
Қанат ҒҰМАРОВ