С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесі білім күні қарсаңында жыл сайын дәстүрге айналған " Мектепке жол" акциясы аясында Балаларға базарлық" атты мерекелік шара өткізді.
Шараның мақсаты жаңа оқу жылында балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету .
Қам көңілділерге жағдай жасау- аса сауапты амалдардың бірегейі және әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аударуға әр адам жауапты.
Шарада алғашқы сөз Құрманғазы ауылдық округ әкімі Абдуррахман Рахметұлына беріліп: ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ-олардың толыққанды білім алып,саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету басты міндет екендігін айтып,биылғы жылы М.Әуезов, Абай атындағы жалпы орта мектебінің табалдырығын аттағалы отырған Өмірзақ Мақсат пен Асхат Еламанға және 2 сынып оқушысы Асхат Жангүлімге әзірленген балаларға базарлығын ұсынып ағалық ақ жол тіледі. Тәуелсіздікті баянды ету, аңсар мұратымыз ,өтпелі шақтағы қиындықты жеңу- бүл азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсету адамгершілік парызымыз деген қанатты сөзге сүйене отырып бұндай қайырымдылық бағыттағы шаралар жыл бойына жалғасатынын айтқан аудандық аналар кеңесінің орынбасары Анар Нуриқызы Б.Бегалиев,М.Әуезов мектебіннің және Зейнолла Серікқалиев атындағы жатақхананың 3 сынып оқушылары Айанғали Әлима,Өмірзақ Жантөре мен Шайдолла Нұрасылға ұсынды.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық пен кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға- пейілді жанға тән сипат,ал жомарт болу- өзінде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Міне осы шараға аналық жүректерімен көмек қолын созған сауда саласынан Мақыш, білім саласынан Жаннат Абзалова мәдениет саласынан Бақыт Габдулова және Сәуле Тілешқызы мен медицина саласының қызметкері Ақжамал Қауысованы сонымен қатар М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан құрылған " Ақжаулығым- қазынам" әжелер ансамблінің Әсем Сандуғаш бастаған тобына ұйымдастырушылар атынан зор ризашылығымызды білдіреміз.
Осы аналар атынан шарада Ақжамал Қауысова анамыз " бізге шаттық беретін, бізді жақсы көретін бақытымызда, жақұтымызда осы балалар дей келе М,Әуезов,Б.Бегалиев жалпы орта мектебінің 4,5 сынып оқушылары Өмірзақ Ғибрат,Каримова Айым мен Айболатов Диасқа базарлығын ұсынды.
Болашақ жастардікі.Жастар ел үмітін арқалаған ел ертеңі.Бүгінгі бала,ертеңгі осы аға буынның жолын қуары сөзсіз.Сондықтан келесі сөз кезегін аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Ақниет Саламатұлы М.Әуезов жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушылары Өмірзақ Кәусар мен Рахилаға және Каримов Ералыға сыйлығын табыстады. Мейірімнің ең ұлысы -жанашырлық, жүректің жұмсақ екенің дәлелдеудің бірден - бір мүмкіндігі.Ананың аялы алақаны ,аналық
жүрегі бала деп соғатыны белгілі сондықтан аналар кеңесінің мүшесі Тайпақова Балапан З.Серікқалиев атындағы жатақхананың 7 сынып оқушысы Жантөре Ниғметов пен М,Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Гүлнұр Салауатқа ұсынды. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс болғандықтан аудандық аналар жанынан құрылған
" Ұлағат" кітапқұмарлар клубының жетекшісі Майра Амирова өзінің жүрек жарды сөзін оқушыларға арнай отырып жасаған сый - сияпатын Каримова Айымға ұсынды.

"Бұл шараны біз жыл сайында қолымыздан келгенше оқушылардың үйіне мектебіне барып табыстап жүргенбіз.
Қазақта басқа елдерге ұқсамайтын ерекше қасиет бар ол- қазақ халқындағы ерекше қасиет пейіл деген екен.
Пейілімізге сай биылғы жылы осы шараны аудандық мәдениет үйінде өткізуді округ әкімшілігімен келісіп жоспарлаған болатынбыз.Себебі ата - аналарын шақырып азда болса тағдыр тауқыметінен сейіліп ән тыңдап көңілдерін көтеруді, қолымыздан келген көмекті көрсету еді.

Бала - ата анасымен бақытты.Санаулы күндерден кейін келетін білім күні мерекесімен ұстаздар,оқушыларды құттықтаймыз!!!
Шараның соңында ауылдық округ жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Гаухария Кінамақызы сөйлеп: өнерпаздарымен жақсы көңіл күй сыйлаған С,Көшекбаев аудандық мәдениет үйі әкімшілігіне "Әке- ана" әнін орындаған А.Күнтуаровқа " Жанұям" әнімен Руслан,Дария Мұқтаровтар отбасына, ауданға танымал әнші шәкірт тәрбиелеп жүрген Кенжешова Гүлзада мен жүлделі орынға ие болып жүрген шәкірттері Серік Бақдәулет пен Ақниет Ғаділбекқызына және шараны жүргізген
Айжанарға алғысын білдіре отырып қорытындылады.

Шарадан соң жүздеріне қуаныш ұялаған балалар, сол балаларға ақ тілегін арнаған, мейірімділіктің символындай болған аналармен суретке түсіп, тарқастық.