Балалардың қауіпсіздігі – басты мақсат

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров жүргізіп, бірінші мәселе – «Балаларды міндетті жалпы орта біліммен қамту мен «Қамқорлық» акциясының жүру барысы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаеваның хабарламасы тыңдалды.

bala-auipsizdigi

- Республикалық дәстүрлі «Қамқорлық» акциясын өз деңгейінде өткізу үшін ауданның барлық мектептерінде комиссия құрылып, шаралар жоспары жасақталды. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға көмек ұйымдастыру мақсатында округ әкімдеріне, жеке кәсіпкерлерге, жергілікті мекеме басшыларына үндеу хаттар жолданды. Білім беру ұйымдары педагогтарының демеушілігімен ондай топтарға жатқызылған отбасылардың 1830 оқушысына 2442730 теңгенің қысқы сырт киімдер мен аяқкиімдер, спорттық формалар және оқу құралдары сатып алынып берілді.  Сондай-ақ, аудандағы жеке кәсіпкерлер, ауыл жастары, мектеп қызметкерлері қашықтықтан білім алуға көшкен 50 оқушыға 100000 теңгенің ұялы телефон бірлігімен көмектессе, аз қамтылған 63 жанұяға азық-түлік, 5 оқушыға планшет, ұялы телефон табыстады, - деген хабарламашы ішкі істер бөлімі, ата-аналардың қоғамдық кеңесі, жергілікті әкімдік және аудандық білім бөлімінің мамандары бірлесіп рейд өткізіп, әлеуметтік себептермен сабақтан қалған балаларды анықтауға атсалысқандарын жеткізді.

bala-auipsizdigi1

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі «Ауылдық елді мекендерде балалардың мектепке қатынау уақытында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы» хабарламаларды аудандық полиция бөлімі кәмелеткетке толмағандар ісі бойынша аға инспектор, полиция подполковнигі Жарас Бектеміров жасады. 

– Қазіргі кезде аудандағы 14 мектепте  10 автобус,  4 «Газель» маркалы автокөлік бала тасымалдайды. Олар 31 елді мекенді қамтиды, тасымалданатын оқушы саны – 708. Барлығы жалтылдауық маякпен жабдықталып, алды-артына «Балалар тасымалы» таным белгісі тағылған. Мектепке алып бару, алып кету ісімен жасы 25-ке толған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар жүргізушілерге ғана рұқсат берілді.  Өткен 2020 жылдың 12 айында  кәмелетке жасы толмағандардың қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Тас жол бойында бір-біріне қарсы келіп, соқтығысуының салдарынан көлік ішіндегі жасөспірім жолаушылар жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға түсіп емделіп шықты. Басталған жылдың 25 қаңтары күні Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Бөрте учаскесінде 2003 жылы туылған Е.Қ. мал іздеуге екі аяқты «Тұлпар» мотокөлігімен шығып, жол-көлік оқиғасына тап болды. Өкінішке орай, алған дене жарақатынан жасөспірім қайтыс болғаны анықталды, - деген полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, насихаттау бағытындағы аудан мектептеріндегі «Жол қозғалысының жас инспекторлары» жасақтарының жақсы жұмыстарын атап өтті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT