Балаларды арнайы барып құттықтады

(2 Votes)

Байда ауылдық округінің әкімі аппараты мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып,округтегі 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларында болып Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Олармен кездесуде округ әкімі Жүсіп Төреғалиев:

– Өздеріңізге мәлім, 2020 жыл еліміз үшін үлкен ауыртпалықтар әкелді. Қазақстан да әлемнің бір бөлшегі болғандықтан індет таралуынан шет қалмады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қарапайым халықтың жағдайын төмендетіп алмау үшін біраз жұмыстар атқарды. Тегін азық-түлік пен дәрі-дәрмектер таратылып, ауруханалар мен провизорлар қажетті құралдармен қамтылды. Соның нәтижесінде індетпен күрес жолға қойылды. Округімізде де бұл бағытта бірқатар жұмыстар тындырылды. Әрине, орын алған жағдай білім саласына да әсер еткені өздеріңізге мәлім. Оқу үрдісінің басым бөлігі онлайн өтсе де ұстаздарымыз білім сапасына мән беруде тынбай еңбектенуде. 2021 жыл еліміз үшін жақсы, жайлы, берекелі жыл болсын! Біз әрқашан да сіздермен біргеміз. Қиындықтар өткен жылмен кетіп, жақсылықтарда жүздесейік, - деген ізгі тілегін жеткізді.

Фариза Оңғарсынова атындағы мектептің директоры Шынар Исатаева өз тарапынан жылы лебізін білдірді. Қамкөңіл балаларға округ және мектеп басшысы мерекелік сыйлықтар табыстады. Соңында ата-аналар арнайы келіп құттықтап жатырғандары үшін алғыстарын айтты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521