Қазір жаз мезгілі - балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және шомылу уақыты.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын орындамауы өкінішті жағдайларға әкеп соғады. Осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, судағы шомылу ережелерін сақтаған жөн. Қазіргі уақытта тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық құтқару бөлімшесі мен төтенше жағдайлар бөлімі және полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен су айдындарында үгіт насихат жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Құрманғазы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі