Балалар күні аталып өтті

(0 Votes)

Бала – біздің болашағымыз. Адам өмірінің ең бір ыстық естеліктермен жанында жаңғырар қымбат кезеңі де балалық шақ.

Сондықтан, әр бала қоғамда өзін қауіпсіз сезініп, бақытты болуға лайықты. Аудандық №5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен “Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара өтті.

balalar-knine4

Бүгінде бұл кабинетте 120 бала білім алып тәрблиеленуде. Сәуір айында өткен республикалық музыкалық шығармашылық «Біздің таланттар» конкурсында бүлдіршіндер 6 номинация бойынша жүлделі орындарды иемденген. «Бастауыш әртіс» аталымы бойынша Мұхамед Қалиев, Айзере Шыңғысқызы, Осман Тасболат, Алишер Утеабли, Жадыра Амандосқызы облыстан жеңімпаз атанып, республикаға жолдама алды.

b

Сонымен бірге, «Алтын дауыс», «Оркестр», «Кішкентай бишілер», «Үздік декламатор», «Бармағынан бал тамған» аталымдары бойынша кабинет тәрбиеленушілер үздіктер қатарынан көрінген. Мерекелік шарада құттықтау сөз сөйлеген аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева аталмыш конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дипломмен марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырды.

b

Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадірбай Жармұхамбетов кезінде ауданда кабинет қалай ашылғанын еске алып, оның атқарған игі істеріне тоқталды. Аудандық мәслихат депутаты Талғат Жұмалиев мерекелік лебізін білдіріп, бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тіледі. Одан әрі кабинет мамандары мен балалардың әзірлеген концерттік бағдарламасы назарға ұсынылды. Соңында аудан кәсіпкерлерінен құрылған «Әріптестер»  және өнер саласының «Айналмақ» ұжымдары және «Мега shop» дүкені балғындарға базарлық жасап, сый-сияпаттарын табыстады. 

img-20220601-wa0067


    

Айнагүл Шакупова      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT