Балалар базарлықсыз қалмады

(0 Votes)

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың атынан балаларды құттықтаған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты аудан әкімінің жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті.

Корновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатындағы шектеулерге орай барлық сақтық шаралары ойластырылған жаңажылдық кеште аудан әкімі Қайрат Нұртаев қысқаша құттықтау сөзін арнады.

shyrsha-begaliev2

– Мемлекет басшысы, облыс әкімі және өз атымнан шараға қатысушыларды келе жатқан Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Елдегі, әсіресе облысымыздағы қалыптасып отырған короновирустық ахуалға орай шыршатойын әдеттегідей кең көлемде тойламау ұйғарылды. Бала біткен асыға күтетін мерекенің осылай тойлануына түсіністікпен қарайды деген ойдамыз, бұл уақытша қиындықтарды бірлесе жеңіп жақсы күндерде кездесейік, - дей келе «Каспий Құбыр Консорциумының» демеушілігімен дайындалған жылы киімдер мен планшетті қайырымдылық шыршаға арнайы шақырылған балаларға табыстады.

shyrsha-begaliev1

«Каспий Құбыр Консорциумының» жоба әкімгері Ботагөз Есімсейітқызы да жаңажылдық шараға орай құттықтау сөзін арнап, мекеменің демеушілігімен биылғы жылы Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарының және Атырау қаласындағы мектеп-интернатының 280 оқушысына осындай жаңажылдық базарлық жасалғанын айтып өтті. Ата-аналар атынан сөз алған Светлана Қайырмеденова қамқорлыққа зәру балалардың, оның қорғаншылары атынан үлкен ризашылығын білдірді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521