Балаларға базарлық

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Б.Рамазанов үйден қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі алты және тұл жетім бір баланың ата аналарымен кездесіп Жаңа жыл мейрамымен құттықтады.

Бұл шараға жергілікті қоғамдық ұйымдардың жетекшілері де қатысып жылы лебіздерін білдірді.

Шара барысында олардың кездесуге қатысқандарына жаңа жылдық тәтті дәмдер мен сыйлықтар табысталды.

Келе алмағандарын округ әкімшілігінің мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып құттықтап, сый-сияпат жасады. Аталған санаттағы балаларға ауылдағы жеке кәсіпкер Бауыржан Жұмаев жұбайымен жаңа жылдық сыйлық дайындап, демеушілік жасап, қайырымдылық қолын созды. Округ әкімі демеушілік жасаған жомарт жанды бұл азаматқа ризашылығын білдіріп, жемісті еңбек тіледі.

Р.Қайрошева,

округ әкімінің кеңесшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521