Баладан білім, мұғалімдерден бедел кетті

(0 Votes)

«Тәрбие – тал бесіктен» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек.

Баланы әдептілікке, сыпайылыққа, қайырымдылыққа сәби кезінен баулыған жөн. Бұрынырақта бір жас ерлі-зайыпты алты айлық нәрестесін ғұламаның алдына алып барып, «баланы қай кезден бастап тәрбиелеуіміз керек» деген сұрақ қойыпты. Сонда данышпан: -Шырақтарым, сендер 8-9 ай кешігіп қалыпсыздар,-деп жауап беріпті.

Яғни сәбиді бойға біткеннен кейін тәрбиелесе де артық етпейді деген сөз. Кішкене бөбек өз ұлтын, халқын, тілін сүюі үшін манағы айтқандай оның санасына салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты «тәй-тәй» басып жүрген кезінен сіңіру қажет. Содан кейін үйде болса да, балабақша – бөбекжайда да ұғынықты тілмен үй жиһаз, мүліктерін, қолданыстағы бұйым, нәрсе, заттарды түсіндіру керек. Сол сияқты, шағын ертегілердің, мақал-мәтелдердің мазмұнын айтып отырса да артық етпесі анық. Қазақтың тілі өте бай, шұрайлы әрі әсерлі, тек соны дұрыс, орнымен тиімді, ұтымды пайдалану қажет. Өкінішке орай, қазіргі ата-ана түгілі, ата-әжелер де қазақ ертегілері мен батырлар жырын біле бермейді. Оған бұрынғы жүйені кінәлаймыз ба, әлде сол кездегі енжарлықтан көреміз бе, әйтеуір қазір 30-40-тардағы түгілі 50-60 –тағылардың өздері осы жағынан өте ақсайтыны жасырын емес.

Өткенді көксеп отырғаным жоқ. Біздер жоғары оқу орнында оқыған өткен ғасырдың 60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың басында институтқа тікелей оқу (сырттай емес) өте қиын, күрделі болатын. Сабақтан қалсақ сөгіс естисің, сынақ тапсыру емтиханнан бірде-бір кем емес еді. Сондықтан, түлектер мектепке келгенде лезде үйренісіп, тастай батып, судай сіңіп кете беретін. Сабаққа нашар балалар бір сыныпта 2 жыл отыратын. Мұғалім балаға қатты айтса да дұрыс, батырып, ол түсінсін деп айтатын. Қазір педагог балаға ұрысса, ол ата-анасына айтып барады. Ал олар манағы мүғалімді жер-жерге сүйрелеуге, жанжалдасуға әзір тұрады. Мұны қате түсінетін балалар ұстазға деген көзқарасын өзгертіп, сабағын тыңдамайды. Сайып келгенде балада білім, мұғалімде бедел жоқ болып шыға келеді.

А.Ғұмаров

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21