Балабақшаға электронды кезек

(0 Votes)

«МЕРЕЙ» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 19 МАУСЫМДАҒЫ №254 БҰЙРЫҒЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ (КЕЗЕККЕ ҚОЮ, ЖОЛДАМАЛАР БЕРУ, ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ) ТӘРТІБІН АНЫҚТАЙДЫ.

Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға https://int.indigo-kurmangazy.e-orda.kz сайты арқылы мүмкін болады. Балабақшаға кезекке тұру үшін ата-ана жеке кабинетке кіріп қажетті құжаттарды орналастыру қажет. Қабылдау үшін баланың денсаулық паспорты,денсаулық жағдайы туралы анықтама және растайтын құжаттарды көрсетіп,балабақшада бос орын болған жағдайда жолдама алады. Алынған жолдама 5 (бес) жұмыс күнге жарамды. Жолдама алғаннан кейін құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының біреуі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған келісім шарт дайындалады. Ата-аналар Egov.kz порталы немесе екінші деңгейі банктердің мобильді қосымшалары арқылы баланы кезекке қою үшін төрт балабақшаға дейін таңдап, кейін онлайн өтініштің мәртебесін бақылай алады. Балабақшалардың бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады. Бұл ретті «Мерей» бөбекжай-балабақшасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жасақталып,ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіліп отырылады. Мекемеде мемлекеттік қызметке жауапты арнайы маман бөлінген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT