«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдамаларды беру,құжаттарды қабылдау) тәртібін айқындайды.
Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғаға https://int.indigo-kurmangazy-atyrau.e-orda.kz сайты арқылы болады.
Балабақшаға кезекке тұру үшін ата-ана жеке кабинетіне кіріп қажетті құжаттарды орналастыру керек. Қабылдау үшін баланың денсаулық паспорты, денсаулық жағдайы туралы анықтамалар және растайтын құжаттарды көрсетіп, балабақшада бос орын болған жағдайда жолдама алады. Алынған жолдама 5 (бес) жұмыс күнге жарамды. Жолдама алғаннан кейін құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі арасында жасалған келісім шарт дайындалады.
Ата-аналар Egov.kz порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы баланы кезекке қою үшін төрт балабақшаға дейін таңдап, кейін онлайн өтініштің мәртебесін бақылай алады. Балабақшалардың бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады. Электронды қызмет күндіз түні жұмыс істейді. Бос орындар туралы ақпараттар сайтта күн сайын жаңарып отырады.
«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жасақталып ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты маман бөлінген.
Г. Каленова
«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының
мемлекеттік көрсетілетін қызметке
жауапты маман