Балабақшадағы ертеңгілік

(0 Votes)

«Балауса» бөбекжай-балабақшасында көктемнің шұғылалы мерекелеріне орай ІІ топ балғындары ертеңгілік өткізді.

Тәрбиешілер Анар, Фая апайларының демеуімен балдырғандар концерттік бағдарламаға қызу дайындалған. Қонақ болып келген әжелер мен ата-аналар балақайлардың өнерлеріне тәнті болды. Шынайы тілек, аналық тілектерін ағытып, бүлдіршіндермен бірге ән айтты. Балабақша меңгерушісі Гүлнар Қуанышқызы мерекелік құттықтауын жеткізіп, шараны қорытындылады.

Гүлжан Құспанова,

Зайни Айсұлтанның әжесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT