Құрманғазы ауданы білім бөлімі мемлекеттік мекемесі және де Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жолданған хатына сәйкес балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында "Назар аударыңыз - балалар!" Жедел алдын алу іс шарасына байланысты жоспар жасақталған болатын.
Жоспарға сәйкес 27-28 қыркүйек аралығында азаматтардың жаппай баратын және демалатын орындарында "Баланың жолдағы қауіпсіздігі - барлық құндылықтардан жоғары" атты балабақша тәрбиеленушілеріне жол ережелерін насихаттау жұмысы жүргізілді. Шара барысында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің "Тура жол" жас жол инспекторлары және де Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің кызметкерімен бірлесе Балауса балабақшасындағы тәрбиеленушілерге жол ережелеріне байланыс қызықты ойындар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта "Тура жол" жас жол инспекторлар үйірме мүшелері балалар жарақатын алдын алу туралы халықты күн сайын міндетті түрде хабардар етуді қамтамассыз етеді.
Жол ережесін білейік - аман- есен жүрейік!
Н.Бисенова,
жас жол инспекторларының үйірме жетекшісі