Балабақшада мерекеге орай ертеңгілік өтті

(1 Vote)

«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасында мәртебелі мейрам қарсаңында «Қазақстан – менің Республикам» тақырыбында танымдық шара өткізілді.

Мақсаты –  балаларға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу, болашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу. Бүлдіршіндер Әнұран орындағаннан кейін балабақша меңгерушісі Жанар Абдуллина құттықтау сөз сөйледі. «Сұңқар» және «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерінің өнері тамашаланды. «Ұлдар, қыздар биін» «Қарлығаш» тобы,«Отанның жас өркені» әнін «Почемучки» тобы орындады. Шара соңы «Егемен ел -Қазақстан» әнімен қорытындыланды.

ea2ddcf2-1128-449a-a77d-c1547bac3b0d

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT