Балаңыз бақылаусыз қалмасын

(0 Votes)

Қазіргі уақытта суға кету, жол-көлік апатына ұшырау, көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлау, көшеде қаңғыған бұралқы иттерге талану секілді, т.б балалар өміріне қауіпті оқиғалар көптеп кездесуде.

Осыған орай, балалардың өмірі үшін ата-аналар өрт қауіпсіздік және судағы қауіпсіздік ережелері мен талаптарын катаң сақтауымыз керек. Ол үшін мынаны жадыңызда сақтаңыздар: Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз, балаңыздың құқықтары бар екендігін түсіндіріңіз. Жол-көлік оқиғасының кұрбаны немесе себепші болмауы үшін балаларға жолда журу ережелерін үйрету қажет,қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз, балалармен ойын және спорт алаңында, табиғатта серуендеуге шыққан кезде қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз.

Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге  тыйым салынады.

Оттан мұқият болыңыздар! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан өрт жағдайларының кең тараған оқиғаларына балалардың назарын аударыңыз, баланың отпен ойнауы, сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер, табиғат аясында қоқыс жағулары, шөптерді өртеу, тұрмыстық құралдары, пештерді пайдалану. Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатынына ерекше назар аударыңыз. Сондай-ақ, өзін ұстаудың оңай ережелерін балалардың есіне үнемі салып отырыңыз.

Есіңізде болсын! Бала ата-аналары-сізден үлгі алады.  

 

аудандық №7 Өрт сөндіру бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521