Бала құқығы – мүдделі іс

(0 Votes)

Отбасының өнегесі – Отан өнегесі. Бұл жай сөз емес. Зор мағыналы салмағы бар, жанға жылу, қанға қызу беретін сөз. Болашақтың тірегін тәрбиелеуде бүгін кішкентай болғанмен, ертеңгі мықты азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың құқығын қорғап, қолдау – басты міндет.

Осы орайда, аудандық білім бөлімінің «Бала құқығы – мүдделі іс» отбасылық,рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие бағытындағы жобасының іске қосылу старты берілді. Бұл бастамаға аудандық білім бөлімі,  прокуратура, ата-аналар кеңесінің төрайымы, жергілікті полиция бөлімінің өкілдері мен Еңбекші, Б.Бегалиев, М.Әуезов және М.Ломоносов ЖОМ-ның президенттері қатысты. Шара барысында полиция подполковнигі Жарас Мнафихұлы сөз алып, соңғы жылдары мектеп жасындағы балалар арасында қылмыстың азаюына себепкер боларын да атап өтті. Комиссия мүшелері де бұл бастаманы құптап, бала тәрбиесін едәуір жеңілдетеріне сенетіндігін жеткізді. Жалпы, бұл жоба – өскелең ұрпақтың өз құқығын жете біліп, міндеті мен атқарар ісінің құндылығын терең ұғынып, қоғам өміріне қалыптастыру мақсатында ұсынылып отыр.

abajday-shara1


Абай атындағы жалпы орта мектебінде өткізілген тұсаукесер – тәрбие саласында ұйымдастырылып отырған алғашқы жоба. Шара жаңадан сайланған мектеп парламенттерінің президенттерін ұлығылау салтанатты шарамен жалғасын тапты. Яғни, «Қазақстан ұландары – болашағы елімнің» тақырыбында мектеп президенті ант қабылдап, фракция депутаттары сайланып, оларға арнайы төсбелгі тағылды. Айта кетейік, аталған стартты ZOOM қосымшасы арқылы ауданға қарасты мектеп өкілдері тамашалап, аяқталған соң барлық білім ордасында жалғасты.

 

abajday-shara-2

 

Жайдарлым Қайреден

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521