Бала құқығы – адам құқығы

(0 Votes)

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде Республикалық онкүндікті ұйымдастыру барысында 9-11 сынып оқушылар арасында «Бала құқығы – адам құқығы», тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Шараның мақсаты- жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, өмір қауіпсіздігін сақтауға шақыру,кәмелет жасына  толмағандар тарапынан заңсыз көлік басқаруды болдырмау.  Аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспекторы,полиция подполковнигі Жарас Мнафихұлы Бектемиров  қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуын, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеуін талап етті. Аталмыш кездесуде  жасөспірімдерге қоғамда,  басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде, балалардың құқығын, олардың заңды мүдделерін қорғауға, жасөспірімдер арасындағы қадағалаусыздық,елімізде балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары туралы сөз болды.                                       

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

А.Мақсотова,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы

орта мектебінің аға тәлімгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT