Бала тілі неге кеш шығады?

(0 Votes)

Қазіргі заманда актуальды мәселенің бірі болған "Бала тілі неге кеш шығады?" тақырыбында «Мерей» бөбекжай балабақшасында ата-аналардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Құрманғазы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің әдіскері Жармұхамбетова Сандуғаш Қадырбайқызы, логопед маманы Қарабалаева Тілекші Жанболатқызы, дефектолог маманы Сарина Мөлдір Лайыққызы қатысты. Алғашқы сөзді алған 'Мерей" бөбекжай балабақшасының уақытша міндетін атқарушы Абдулова Назгуль Тілековна шақырылған қонақтарға қош келдің айтып, шараның маңыздылығына тоқталды. Психолог маман Насипова Лаура дөңгелек үстелдің жүру барысына тоқталып, сөз кезегін «Балапан» тобының тәрбиешісі Сатханова Айзадаға жолдады. "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамуындағы ұсақ саусақ маториканың тиімділігі" тақырыбындағы жұмысына кеңірек тоқталды. Ал «Ласточка» тобының тәрбиешісі Хажекенова Аилита "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда Су-Джок терапиясын қолдану" тақырыбындағы жұмысын қорғап, жасаған жұмыстарын таныстырды. Тәрбиешілеріміз тілді дамытуда жасалатын жұмыс түрлерімен таныстырып, ата-аналарға түрлі кеңес берді.

Келесі кезекте сөз алған Жармұхамбетова Сандуғаш Қадырбайқызы Құрманғазы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жабдықталуын, әр маманның жүргізетін тиісті жұмыс түрлерін бейнеролик арқылы баяндап берді. Ал логопед Қарабалаева Тілекші ата-аналарға баланың тілін дамыту үшін қандай жаттығулар жасау керектігін көрсетіп, артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларын ата-аналармен бірге жасады. Дефектолог маман Сарина Мөлдір де өз жұмысына тоқталып, нейрогимнастикалық жаттығулардың тіл дамуына айрықша пайдалы екенін атап өтті. Сонымен қатар келген мамандарымыз ата-аналардың көкейдегі сауалдарына ұтымды жауап берді. Ата-аналар да өз ойларын ортаға салып, шара ұйымдастырушыларына зор алғысын білдірді. Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде өтті. Сөз соңында балабақша әдіскері Бибигуль Тастайбекқызы шақырылған қонактарға, ата-аналарға ризашылығын білдіріп, осындай жұмыстар алға қарай да жалғасын таба берсін деген тілегін білдірді. Балабақша мен ата-аналар арасындағы бірлескен жұмысымыз жанданып, нығая беруін тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика