С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық білім беру ұйымының ұйымдастыруымен кең көлемде ата-аналар жиналысы өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова, аудан орталығындағы Абай, Ломоносов, Әуезов, Бегалиев орта мектептерінің, З.Серікқалиев атындағы мектеп-интернаттың ата-аналары балаларымен, аталған білім ұяларындағы әкелер кеңесінің төрағалары, ата-аналар комитетінің төрайымдары, ұстаздар, мектеп директорлары, құқық қорғау орындарының қызметкерлері қатысты. Жиналысты аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева ашып, еркін форматта, пікір алмасу түрінде жүргенін қалайтынын жеткізіп, бөлімнің ұрпақ тәрбиесіне қатысты жұмысынан қысқаша ақпарат берді.