Бала дауысы

(1 Vote)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде биыл 3-ші рет «Бала дауысы» балалар байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: дарынды балаларды анықтау, балалардың шығармашылығын насихаттау және қатысушылардың кәсіби шеберлігін көтермелеу болды. Байқауды Абай жалпы орта мектебінің оқушысы Мақсат Ғапу мен жас өнерпаз Жазира Сарсенғалиева жүргізді. Вокал жанры бойынша сынға түскен 32 өнерпазды ҚР Мәдениет және Ақпарат министрінің «Өнер үздігі» құрмет дипломының иегері, жергілікті композитор, мәдениет саласының ардагері Ибрагим Хабибуллин төрағалық еткңен қазылар алқасы саралады.

Байқау қорытындысында: кіші топ бойынша ІІІ орынды Жанерке Бақытжанқызы (Еңбекші а/о), Нәрия Қуанышбай мен Ердәулет Хайролла (Әуезов ж.о.м), ІІ орынды - Айна Қазымбек (Ақкөл а/м), Әлихан Қайыржан (Дәулеткерей музыка мектебі), І орынды – Санжар Самиғолла (Ұштаған), бас жүлде – Амина Серікбаеваға (Абай ж.о.м) бұйырды. Үлкен топ ІІІ орынды - Аяулым Сейтқазықызы (Шортанбай а/о), Бақнұр Утеғалиев (Дыңғызыл а/о), Дильназ Музафарова (Байда а/о), ІІ орын - Ақбота Қисметова (Балқұдық), Мейірім Жұмажан (Нұржау а/о), І орын - Айкүміс Бекқабылқызы (Сафон а/о), бас жүлде – Сұлухан Есенғұл (Бегалиев ж.о.м) еншіледі.

М.Галимова,

мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521