«Бала дауысы» анықталды

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өнерлі балақайларға арналған «Бала дауысы» атты өнер байқауы өтті.

Жас өнерпаздардың көркем-эстетикалық талғамын қалыптастырып, шығармашылық дамуына қолғабыс жасау мақсатында оздырылған додаға 7-10 және 11-12 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Сайыс  шартына сәйкес, қатысушылар балаларға арналған қазақ композиторларының  немесе әлемдік хит әндердерді жанды дауыста шырқау талабы қойылды.

bala-dauysy1

bala-dauysy2

bala-dauysy3

bala-dauysy4

bala-dauysy5

bala-dauysy8

Аталған конкурста 34 сайыскер  өз өнерін көрсетіп, арасынан  талайды таңқалдырған репертуарлар да кездесті. Байқауды қорытындылай келе, нәтижесі төмендегідей:

bala-dauysy6

bala-dauysy7

Үлкен топ бойынша жүлделі ІІІ орынды – Айнагүл Алтынбекқызы, Гүлдерайым Нүреденова, ІІ орынды – Абылай Қадір, І орынды – Мақсат Ғапу иемденсе, Бас жүлдемен байдалық Милана Саясат «Бала дауысы» атағын жеңіп алды. Кіші топта ән шырқаған бүлдіршіндер арасынан  ІІІ орын – Гүлім Дүйсенбай, Жансұлу Фёдорова , ІІ орын – Нұржігіт Амангелді, Еркеназ Жеткеншекова, ал І орын – Інжу Әбілтайға бұйырды. Бас жүлдені «Forever» әнімен  Қарақат Халбай қанжығалап, білдіршіндердің «Бала дауысы» атанды.  Барлық қатысушыларға Алғыс хат пен  ынталандыру сыйлықтары берілді.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT