Балғындарды онлайн конференция арқылы құттықтады

(0 Votes)

Бала – адамның бауыр еті дейді халқымыз. Жер бетіндегі әр сәби, әр бала бақытты болуға лайықты.

Әрқашан бейбіт күн нұрын төгіп, ашық аспан астында балалардың сыңғырлаған күлкісі естіліп тұрсын! Мерекеге орай, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен онлайн конференция өткізілді. Оған қатысқан 33 мектептің директорлары мен оқушылары Zoom платформасы арқылы онлайн байланысқа шықты.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жандос Бектеміров балғындарды мерекемен құттықтап:

- Атаулы күн балаларға қуаныш сыйлау ғана емес, олардың құқығын қорғау, өмірге нық қадам жасауына жағдай туғызуды нақтылайтын күн. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан, олардың әрбір басқан қадамына жауапкершілікпен қарау міндетіміз болып табылады. Әлемдік пандемияның кесірінен төртінші оқу тоқсанын үйден оқыған оқушыларға ұстаздар мен ата-аналар үлкен қолдау білдіріп, қиын сәтті бірлесіп жеңе білді. Кейбір балғындардың қашықтан оқуына жағдай жасап, қажетті материалдық-техникалық базамен қамтыған ауданымыздың кәсіпкерлері, округ әкімдері, мектептің педагогикалық ұжымына үлкен ризашылығымызды білдіреміз, - дей келе, балаларға жазғы демалысты көңілді өткізуді тіледі.

Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы білім ошағын спорт залмен қамту, Д.Нұрпейсова атындағы өнер мектебінің тәрбиеленушісі оларға ғимарат салу, «Жас туристер» бекетінің қатысушысы қажетті құрылғылармен жабдықталған заманауи орын ашу жөнінде тілектерін білдірді. Жандос Мнафихұлы олардың әрқайсысына тұшымды жауабын қайтарды.

ortasyna

Оқушылар домбырамен күй күмбірлетсе, балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік сәлемдемелерін жолдады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева, Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектептің директоры Бауыржан Бекжанов жүрекжарды лебіздерін айтып, мерекені ескерусіз қалдырмай, онлайн конференцияны ұйымдастырған аудан әкімдігіне зор ризашылықтарын жеткізді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521