БАҚЫЛАУ БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА...

(0 Votes)

"AMANAT" партиясы Құманғазы аудандық филиалының жанынан құрылған партиялық бақылау бекеттерінің мүшелері Құрманғазы ауданының сайлауалды бағдарламасының «Жол картасы» аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарында құрылған 4 бақылау бекетерінін 3-не мониторинг жүргізілді.

Бірінші, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Кадырқа ауылында салынып жатырған 3 қабатты 60 пәтерлік үйдің құрылыс алаңына барылды. Онда құрылыс жұмыстары басталғаны және жүргізіліп жатырғаны көрініп тұр. Құрылыс монтаждау жұмыстарын мердігер «БЕК и Ко» ЖШС-і жүргізуде. Басталу мерзімі 07.08.2023ж., аяқталу мерзімі 31.07.2024 ж. Бір жылға жетпей бітуі тиіс.

Екінші, құрылыс бекеті Құрманғазы ауылындағы орталық стадионында жүргізіліп жатырған реконструкция жұмыстарымен танысты. Құрылыс жасап жатырған мердігер мекеменің өкілі Кульжигитов Сүйндік Сиражұлы құрылыстың жүру барысымен таныстырды. Құрылыс материалдарымен толық қамтылған және техника жағынан кедергі жоқ. Сұраныс бойынша қамтылып отыр, жұмыс күшіде жеткілікті. Құрылыс жұмыстары күн салқындығына қарамастан график бойынша жасалынуда.

Үшінші, бақылау бекетіміз Атырау – Астрахан тас жолының құрылысы. Барлығыңыз білетіндей біздің ауданымыздағы учаскісі бітіп тұр деуге болады.

Партиялықтар бақылау барысында мердігерге жұмысты уақытылы және сапалы атқаруды тапсырып, бірқатар ұсыныстар жүктеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT