Мерзімді басылымдарға жазылу науқанында аудан айнасы Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне жазылуға қол ұшын бергенді күтетін отбасылар ауданымызда баршылық.
Алатын аз ғана қаражатын басқа мақсатқа жаратсын деп оларға көмектесуге әзір тұратын жомарт жанды кәсіпкерлер де ортамыздан табылады. Сондай кең пейілді жандардың бірі Бақтылы Махмудова өз қаражатымен аз қамтылған 10 отбасын «Серпер» газетіне жаздыруға демеушілік көрсетіп, жомарттық жасады.
Жылда да осы дағдысынан жаңылмай, аз қамтылған, көп балалы оқырмандарымызды қолдауда алда жүретін кәсіпкерге серперліктер атынан алғыс айтамыз.