Республика күні қарсаңында аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен «Құрманғазы - туған жер» қоғамдық қоры мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бірлесе ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы «Үздік бейнеролик», «Үздік аудиожазба» және «Үздік мақала» байқаулары өз мәресіне жетті.
Байқауды қорытындылаған «Құрманғазы - туған жер» қоғамдық қорының төрағасы Азамат Абдуллаев қоғам дерті – жемқорлықпен күрес бағытында бірнеше туынды түсіп, әлеуметтік желіге жарияланғанын атап өтті.
«Үздік мақала» байқауына аудандық «Серпер» газетінің танымал тілшілерімен бірге ұстаз-журналист Ұлан Иманғали және Исатай аудандық «Нарын таңы», Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеттерінің тілшілері Сағыныш Қайыр, Айнұр Сатаева қатысқанын мәлімдеп белсенділіктері үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Құрманғазы, Нұржау, Теңіз, Сафон, Бірлік ауылдық округтерінен бейне, аудио жазбаларын жіберген сайыскерлерге де рахметін айтты. Соңында байқау жүлдегерлеріне Алғыс хат және бағалы сыйлық пен ақшалай сертификаттар табыстады.
Айбек ӘНУАРҰЛЫ