Байдалықтар жоспардан асты

(0 Votes)

«Байда ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Сізге Байда ауылдық округі бойынша аудандық «Серпер» газетіне 2022 жылдың І-жартыжылдығына жазылу жөнінде берілген 230 дана ұсынысыңыз бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылып, 233 дана болып орындалғанын хабарлайды.

Округ әкімшілігі атынан аудан жаңалықтарының жаршысы «Серпер» газетіне жазылуда белсенділік танытқан барша ауыл тұрғындарына, округ көлеміндегі мекеме басшылары: Ш.Исатаеваға, Н.Утегеновке, К.Дюсекешоваға, Т.Мурзагалиевке, Ж.Ислямовқа, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшылары: Е.Бисаховқа, Г.Сарсенғалиеваға, Д.Утеповаға, Т.Аманғалиевке, А.Кенжеғалиеваға, «Тілекші» ЖШС-нің басшысы О.Ахметовке, «Ш.Сүлейменов LTD–нің» атқарушы директоры С.Жұбанышевқа ризашылығымызды білдіре отырып, баршаларының отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік тілеп, әрқашан ел алғысын арқалаған азамат, азаматшалар болғайсыздар деген алғысымызды білдіреміз.

Ж.Төреғалиев Байда ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT