Байдалықтар болжамды бірінші болып орындады

(1 Vote)

Байдалықтар «Серпер» газетіне жазылу болжамын елден бұрын орындап, айды аспанға шығарды. Сол үшін де ауыл әкімі Жүсіп Сүлейменұлына айтар алғысымыз шексіз.

Қалған округтер де қарқынға қарқын қосып, байдалықтардан үлгі алса дейміз. Алдағы уақытта өзге де округтер озып кеткендермен ат құйрығын тістеседі деген ойдамыз. Сонымен, Байда ауылдық округі бойынша аудандық «Серпер» газетіне жазылу жөнінде берілген 250 дана болжамның  260 болып орындалғанын округ әкімі Жүсіп Төреғалиев хабарлады.

- Округ әкімшілігі атынан «Серпер» газетіне жазылуда белсенділік танытқан барша ауыл тұрғындарына, округ көлеміндегі мекеме басшылары: Ш.Исатаева, Х.Бисахов, С.Дюсекенова, Т.Мурзагалиев, Ж.Ислямовқа, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшылары Ж.Ахметкалиев, Ж.Еспусинов, С.Жантумаева, Д.Утепова, Б.Хамзаева, С.Ниязова, А.Исмагулов, К.Қабдешова, К.Турегалиева, Н.Сатылғанов, Ш.Абдукадирова, Ж.Жанғалиева, Т.Аманғалиев, М.Тулемисова, «Тілекші» ЖШС басшысы Б.Ахметов, «Аманат» және «Казахинстрах» сақтандыру компаниясының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, баршаларының отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік тілеп, әрқашан ел алғысын арқалаған азамат, азаматшалар болғайсыздар , - деген тілегін жеткізіпті округ әкімі Ж.Төреғалиев өзінің жолдаған жеделхатында.

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT