Байдада бәрі жақсы дейді

(0 Votes)

Байда ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жүсіп Төреғалиев бұл қызметті атқарып келген әріптесінің өткен жыл ішінде атқарған жұмысынан есеп беріп, алда тұрған міндеттерді таныстырды.

- Есепті мерзім ішінде жұмыспен қамту бөліміне 68 адамға жолығыс жасап есепке отырды. Оның ішінде 61 адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды. Тұрақты жұмысқа 39 адам округтен тыс жерлерге жұмысқа орналыстырылды. Жоғарғы және арнаулы орта білім алып шыққан 6 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 6 ай мерізімге жұмысқа тұрды. Кәсіби мамандық алуға 7 адам оқуға жіберілді. Жұмыссыздық 3,2 % құрайды. Ауылдық округ бойынша тіркелген 19 шаруа қожалығы мал өсірумен, оларға қажетті жем-шөп дайындаумен айналысты. Олардың иелігіндегі мал саны мүйізді ірі қарадан 1330 басқа, қой-ешкіден 1392 басқа, жылқыдан 393 басқа, түйеден 49 басқа жетті. Округтегі 9 кәсіпкерді 9 дүкен, 2 кафе, 4 асхана, 2 тойхана, 1 шаштараз, 1 тегершік жөндеу және көлік жуу орны сияқты 19 кәсіпкерлік нысандары жұмыс жасайды, - деген баяндамашы округ әкімдігі орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу, ауыл ішін көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, үй-жай маңынан егін егуді жолға қою мақсатында жазғы су құбырын жүргізу және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су құбырын тарту жоспарда барын қаперге берді.

img_9304

Алғаш болып мінберге көтерілген ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Якуб Ысмағұлов өз сөзін аудан әкімдігіне, аудандық мәслихат депутаттарына ризашылығын білдіруден бастады. – Тұрғындардың тілегін ескеріп, осы ауылдың тумасы, қолынан іс келетін жігерлі азамат Жүсіп Сүлейменұлын округ әкімі етіп сайлануына септескендеріңізге рахмет. Жұмысына кіріскеніне шамалы уақыт өтсе де бір-екі шаруаны бітіріп үлгерді. Біріншісі ауыл ішінің тазалығын мықтап қолға алды, екіншісі біраздан айтып келген мәдениет үйі жанынан домбыра үйірмесін ашу еді, оның да ретін келтірді. Байда да бәрі жақсы, су мәселесін шешем деп отыр оған күмәнім жоқ. Ойында жүрсін деген мақсатпен айта кетейін, ауылға жаңа типті мектеп салуға, болмаса спорт залы бар қосымша ғимарат тұрғызуға жұмыстанса, құзырлы органдармен пайдалануға жарамсыз деп танылған ауылдық клубқа жаңа ғимарат қажет-ақ, бұрынғысын күрделі жөндеуден өткізіп берсе де болады. Ауыл әкімінің жұмысына қазіргі аяқалысына қарап жақсы деген бағамды беремін. Бұрынғы әкіміміздің де атқарған істерін атамай кетуге болмайды.

Ұлағатты ұстаз Рабиға Өтепбергенқызы бастаған ауыл тұрғындары жол жұмыстарына топырақ алынған карьерлерді қоқыс төгетін алаңға айналдырмау, салынып жатқан жолда мал-жан өтетін өткелдің қарастырылмағандығы, пошта жұмысындағы келеңсіздіктер туралы қынжыла сөйледі.

img_9306

Аудандық пошта торабының басшысы Виктор Түсекеев ауылдағы пошта бөлімшесі жеке кәсіпкермен бірлесе жұмыс жасайды, 0,3 ставкамен отырған оператор аталған кәсіпкердің есебінен толық қызметін атқарып, сегіз сағат бойына өзінің жұмыс орнында болатынын айтты.

Жиын соңында сөз алған аудан әкімі Қайрат Нұртаев ауыл әкімінің алдында көптеген міндеттер тұрғанын айттып, көтерілген мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыстану қажеттігін алға тартты. Автожолдың астынан өткел қалдыру жол бойындағы ауылдардың ортақ өтініші екеніне тоқталып, мердігер мекемеге осыны ескеру қажеттігі туралы ескертілді деді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521