Байда, Приморье, Бірлік, Көптоғай ауылдарында клуб салынады

Рейтинг: 0 / 5

Апаттық жағдайда тұрған клуб ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.
​«Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың​ есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды​ Атырау​ облыстық​ коммуникациялар қызметі.

«Сондай ақ,​ ​2014 жылдан бері шешімін таппай келе жатырған Хиуаз ауылындағы Мәдениет үйі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Және аудан тұрғындарының​ демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Құрманғазы ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту, Жағажай құрылысын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда» деді спикер​ Қайрат Нұртаев.

Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика