БАЙДА МЕН Кудряшовта ауыз су құбырының желісі жүргізілуде

(0 Votes)

Байда және Кудряшов  ауылдық округтеріне 25 шақырымдық жаңа ауыз су құбыры желісі тартылып жатыр.

Мердігер мекеме «Болат Д» ЖШС. Шұңқыры қазылып, кей жерлеріне бетон құдықтары да салынып қойылған. Құрылыс басында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Хасанов, Кудряшов ауылдық округінің әкімі Жасұлан Сүндетов оның жүру барысына қатысты ұсыныс-пікірлерін айтып, мәліметтер берді.

Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы мердігер мекеме өкілдеріне басты мақсат құрылыс жұмыстарының сапалы шығуы екенін жеткізді. Сапар барысында аудан басшысы Байда ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында жасалып жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын да көрді. Округ әкімі Жүсіп Төреғалиев оның жүру барысынан хабардар етті. Ғимаратты аралаған аудан әкімі Марат Мурзиев мердігерге жұмысты тездетуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT