Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат Хасановпен Байда ауылдық округінде болды.
Котяевка елді мекенінде ауыл тұрғындарының көптен сұранысына ие 300 орындық ауылдық мәдениет үйінің іргетасы қаланып жатыр. Құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «ГрандМастер» ЖШС, жоба құны - 1 млрд 48 млн теңге, тапсырыс беруші мекеме аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Серікұлы құрылыс жұмыстарымен танысып, оның жүру барысына қатысты ұсыныс-пікірлерін айтып,тапсырыс беруші және мердігер мекеме өкілдеріне ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет ететін нысанның құрылысында ең маңыздысы сапасына мән берулерін ескертті.
Құрманғазы аудандық әкімдігі