Бағада көп өзгеріс жоқ

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі БАҚ өкілімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізу мақсатымен рейд ұйымдастырып, Құрманғазы ауылдық округінің «Айзере», «Мерей» дүкендері мен жеке кәсіпкер Самат Айдарәлиевтің көтерме сауда орнында болды.

Рейд барысында анықталғаны тізімге кіретін 19 түрлі азық- түліктің бағасында көп өзгеріс жоқ. Соңғы белгіленген шектік бағамен салыстырғанда төмен. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Саламат Қабдоловтың айтуынша ауданымызда тағам түрлері былтырғыдан көп қымбаттай қоймаған. Сөзімізге дәлел ретінде өзімізде сақталған 2023 жылғы 3 наурыздағы 19 түрлі азық-түліктің көрсеткішін жақша ішіне алып бүгінгісімен салыстырмалы түрде келтіріп көрейік.

13 наурызда сауда орындарын аралағанымызда сөрелерде орташа бағамен алғанда 1 келі бірінші сортты бидай ұны – 152 (280), бидайдан жасалған нан – 130, рожки – 390 (450), қарақұмық – 347(520), күріш – 470(465), картоп – 147(190), сәбіз – 210(190), пияз – 133 (230), қырыққабат – 203 (170), қант – 339(400), өсімдік майы – 460 (690), сиыр еті – 2400 (2200), құс еті – 1183 (1300), жұмсақ қораптағы сүт – 268 (360), айран – 310 (380), сары май – 1050, он дана жұмыртқа – 590 (450),ас тұзы – 85 (80), сүзбе – 750 теңгемен тұрғанын көрдік.

Әрине, ауданымыздың барлық жерінде осы баға деуден аулақпыз. Бұл Құрманғазы ауылдық округіндегі кейбір дүкендер мен көтерме сауда орындарына қатысты мәлімет. «Бес саусақ бірдей емес», дегендей, өзге дүкендерде, округтерде басқаша болуы мүмкін. Бір жерден алып, келесі дүкенде үстіне аздап қосып кері сататындар бар ғой. Ол нарықтың заңдылығы.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT