Бағада көп өзгеріс жоқ

Фото: finmarket.ru
(0 Votes)

Қазір азық-түліктің көптеген түрлері қымбаттап кеткені рас. Оны күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Бірақ, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасы үнемі бақылауда ұсталуда.

Жыл басынан бері көп өзгеріске ұшырамаған. Оған тұрақты түрде мониторинг жүргізетін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 3 сәуірдегі мәліметі бойынша бірінші сортты ұн келісі -280, бидайдан жасалған нан -130, рожки 450, қарақұмық -520, күріш -465, картоп, сәбіз -190, пияз -230, қырыққабат -130, қант -400, өсімдік майы -690, сиыр еті -2200, құс еті -1300, жұмсақ қораптағы сүт -360, айран -380, сары май -1500, он дана жұмыртқа -450, ас тұзы -80, сүзбе -1200 теңгемен сатылып отыр. Шектік бағадан пияз -24, қырыққабат -17, айран -40, жұмыртқа -95, ас тұзы -7 теңгеге қымбатсығаны байқалады.

Жалпы 19 түрлі азық-түліктің екеуі шектік баға деңгейінде ұсталса, 11-і одан 2-78% аралығында төмен бағамен ұсынылуда.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT