«Бақытты отбасы – бақытты ел"

(0 Votes)

Аудандық ардагерлер үйінде Отбасы күніне орай аналар кеңесі мен жұмыспен қамту және азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты кездесу кеші өтті.

Өткізілген іс-шараның мақсаты – «отбасы» деген қасиетті сөздің қадірін тереңнен ұғып, жұптық  өмірдің парақтарын бірге ашып, отбасылық өмірдің ыстығы мен суығын бірге көріп, қатар төзген жандардың жолын жас отбасыға насихаттау. Осы орайда елге елеулі, халқына қалаулы болған Нұғмановтар мен Өтеповтар отбасының махаббатқа толы қиын да қызығы мол жолдарын Ерғанат Шайзанов пен Тамаша Айтжановаға үлгі етіп, аға буын енді ғана қанат жайған жас отауға насихаттарын айтты.

8e82f2d4-eb78-4f64-a87e-0c9f808978f0

Шара барысында, әсем әй айтылып, ортада биге жалғасты. Қонаққа шақырылған Ерғанат Шайзанов пен Тамаша Айтжанованың некесі де сол жерде қиылып, қолдарына куәліктерін алды. 50 жыл отасқан әулеттің отағасы мен отанасы да сөз алып, жас отбасыға іргелерің кең, шаңырақтарың берік болсын деп тілек етті. Сонымен қатар, оларға ырымдап қамшы, киіз үй, ақ жаулық пен тақия табыстады.

92e506cc-4fee-44d1-850d-3e25e297ff38

Шара соңында келген меймандардан қонақ кәде сұрап, Нұрлығайын Нұғманов өзінің «Отбасы» атты өлеңін оқып, Ғалымжан Өтепов Құрманғазының күйін шертіп берді.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521