«Бақыт нұры – балаға!»

(0 Votes)

З. Серікқалиұлы атындағы мектеп – интернатының ерекше білімді қажет ететін оқушыларымызға үлкен тарту жасалды.

«Бақыт нұры – балаға» атты қамқорлық акция аясында «Береке» сауда үйінің басшысы Нұрбол Сейтжанұлы мектебіміздің тұл жетім, аз қамтылған 10 оқушысын, «Дария» сауда үйінің басшысы Қанат Махмутұлы 3 оқушыға, жеке кәсіпкер Ақылбек Ізбайұлы және «Талант» жеке кәсіпкерлігінің иесі Талант Өмірзақұлы көп балалы отбасының 3 оқушысын, қысқы киім-кешекпен қамтамасыз етіп, ойын кабинетіне кілем, ойын доптарымен демеушілік жасады. Қашан да игі істерде жомарттық танытып, қол ұшын беріп, балаларымызға қуаныш сыйлайтын демеушілерімізге мектеп ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз! Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деген сенімдеміз!

 

Гүлназ Қартжанова

З. Серікқалиұлы атындағы мектеп – интернатының

әлеуметтік педагогы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT