Бақыт балалы үйге қонады

(0 Votes)

 Өзім де, азаматым да көп балалы отбасынан шыққандықтан перзенттеріміздің санын шектеу туралы ойланып та көрмеппіз.

Дүниенің есігін ашқан әр сәбиімізді құдайдың бергені деп өсіріп-өндіріп қатарға қосуға тырысамыз. Кейбір замандастарымның «топырлатып туа беріп қайтесің, отырып қаласың ғой», «екеу-үшеуі жарамай ма, қалай асырайсыңдар» деген ақылгөйсіген сөздерін көп жарата бермеймін. Әр бала өз несібесімен келетінін де өз өмір тәжірибемнен жақсы білемін. Жасырмаймын басында қиындықтар болды, бірақ бәрі де уақытша екен. Қазіргі уақытта алды есейді, кішкентайларын бағып-қағып, ата-анасына қарайласатын жағдайға жетті. Тіл-көзден сақтасын, үйелмелі-сүйелмелі болып аман-есен өсіп кетсін «тіфә-тіфә» деймін.

Мемлекетіміз де көп балалы отбасыларға қамқорлығын аямайды. Әлеуметтік көмектің түр-түрін көрсететіні қуантады. Алайда сәуір айынан бастап берілетін «жиырма бір мың» төңірегінде көптеген дау-дамайлар туындағаны көңілге кірбің ұялатты. «Телеграмм» чатындағы аналардың жанайқайы жүрегіңді ауыртады. Мұқтаж болмай, жан-жағы жетісіп тұрса үкіметке қол жаймайды ғой. Басында тиісіп, соңынан тыйылып қалған әлеуметтік көмек талайдың шашын ағартқаны белгілі. Қайтау төлеуге мәжібүр болғандары да қаншама?! Үкіметтің ұсынып отырған отбасының табысына қарамай берілетін жаңа жәрдемақысы көңілге қонымды. Менің пікірімше бұрыннан да осылай болуға тиіс сияқты. Қазақстанның демографиялық көрсеткішін жақсартуды ойласақ балалы болған әр отбасын барынша ынталандырып отыру қажет. Сонда ғана жас отбасылар бірер баламен шектеліп қалмайды.

«Бақыт балалы үйге қонады» дегендей, халық санының артуына үлес қосып жатқан отбасыларға Елбасымыз Н.Назарбевтың, Президентіміз Қ.Тоқаевтың бастамасымен әлеуметтік қамқорлық жасалып жатқан жаңа қадамын қуана құптаймын. Бұрынғыларға қарағанда ол өзінің оң нәтиже береді деген сенімдемін.

Ақтілек САЯСАТҚЫЗЫ,

медбике, алты баланың анасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521