Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы төмендегіні хабарлай отырып, салық төлеушілердің назарына жеткізеді.
Салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Бұдан бұрын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2.0.2-ден басқа хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 170-бабына сәйкес уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) арқылы мемлекеттік тізілімді жүргізеді.
Бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік тізілімге енгзілген бақылау-касса машиналары Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен анықталған техникалық талаптарға сәйкес тестілеу жүргізіледі. Осыған байланысты, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бақылау-касса машиналарының функцияларында мемлекеттік тілді ауыстыру техникалық талаптарда қарастырылған
Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы