Бағусыз мал барымташыға қолды болады

(0 Votes)

Аудан көлемінде мал ұрлығын болдырмау, ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналасатын тұлғаларды анықтау мақсатында Құрманғазы аудандық полиция бөлімі бастығының 2020 жылғы 19 қазандағы №113 бұйрығы негізінде «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Тәжірибеде көрсеткендей, мал ұрлығымен жауапкершілікке тартылған тұлғалар көбіне жалған ветеринариялық құжат жасақтап, Атырау және Ақтау қаласына сату мақсатында тасымалдайтыны анықталып отыр. Осыған сәйкес, ветеринариялық дәрігердің қызметіне бақылауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдануды қажет етеді. Мал ұрлығы жайылымда бағымсыз, бақылаусыз болуы себепті орын алатыны белгілі болды. Сондықтан мал иелеріне арнайы бақташыға бақтыру жөнінде ұсыныс етілді. Сондай-ақ, Ауданымыз РФ Астрахан облысымен шекаралас болғандықтан кей жағдайда жайылып жүрген көршілес елге өтіп кетіп жатады. Ал иелері болса малымыз жоғалды деп арыз-шағым түсіреді. Ондай өтіп кеткен малдардың фактісі көптеп кездеседі. Қазіргі таңда Астрахан облысының ішкі істер қызметкерлерімен мал ұрлығының әрбір фактісі бойынша бағыттамалар жолданып, тығыз қарым-қатынас орнатудамыз.

Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сай, ауданға қарасты 19 ауылдық округ әкімдіктеріне мал ұрлығын болдырмау, алдын алу бойынша ұсыныстар жолданды. Дегенмен, бағдарлама бойынша «үш жақты келісім шарт» жасақтау бойынша үстемді мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруа қожалықтары келісім бергенімен, шағын ірілі-ұсақты мал бастарын ұстап отырған қарапайым тұрғындар әлі де болса бұған мән бермей отыр.

Бұл ретте аудандық ветеринария инспекциясына ветеринарлық дәрігерлердің жұмысын бақылауды күшейту жөнінде ұсыныс жіберілді. Мамандандырылған ауыл шаруашылық жануарларын қамау үшін қора-жайлар жасақтау бойынша ауыл әкімдеріне, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне ұсыныстар жолданды. Мал ұрлығын ашу мақсатында алға қарайда тиісті жедел-іздестіру жұмыстары пәрменді жүргізілетін болады. Бағусыз мал барымташыға қолды болатынын қайталап айтқым келеді.

Т.ЖҰМАШЕВ, Құрманғазы

АПБ-нің бастығы, полиция полковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521