Бағада көп өзгеріс жоқ

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған бағаларды бақылау тобы шектік бағада ұсталуы тиіс 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен 32 дәрі-дәрмектің бағасын білмек ниетпен аудан орталығындағы екі сауда орыны мен екі дәріханада болды.

Біз барған «Мерей» сауда орталығында (жақша ішінде 25 тамыз күнгі бағасы көрсетілді) 25 келілік І сұрыпты ұн - 5350 теңгемен тұр. Шекпелі рожкидің 5 келілігі – 1920 (1950), қарақұмық – 566 (700), күріш – 565 (535), картоп -180, сәбіз – 220 (200), пияз – 200 (220), қырыққабат -150, бес келілік қант – 2200 (700), өсімдік майы -770, құс еті -1500, қораптағы сүт – 360 (350), майлылығы 2,5% айран – 460 (470), жұмыртқа -44 (42), тұз -85 теңгемен саудалануда.

bayay-tamaty-baasy

«Нұрболат» супермаркетінде 5 тамыз күні болғанбыз. Мұнда (жақша ішінде 5 тамыз күнгі бағасы) келімен есептегенде рожки(5кг)-1766, күріш -458(550), картоп -196(180), сәбіз -196(280), пияз -196(260), қырыққабат -176(120), қарақұмық -566, қант 720, өсімдік майы -720(800), айран -459(480), сарымай -1000(1060), құс еті -1350, он жұмыртқа -390, қораптағы сүт -366, тұз -89(100), сүзбе -1176 теңгемен тұтынушыға ұсынылуда. Әрине, біреуі сауда дүкені, екіншісі көтерме сауда орыны болғандықтан бағаларында айырмашылық болады. Десек те, 25 тамызбен салыстырғанда кейбір азық-түліктер аздап арзансып, енді бірі сәл қымбаттаған. Бағалары сол қалпында қалғандары да бар.

ymbat-baa

«Серпер» базарының жанындағы жеке кәсіпкер Рая Жұмабаеваның дәріханасында «Ацикловир» -200(220), «Карвалол» - 230(250), «Ингавирин» - 5700(5900), «Детримакс»-4500(3800), «Ренни»-1400(1390), «Смекта» -1800, «Верошпирон» - 2990(2800), «Энап» -900(850), «Фенистил нью капли» -2000, этил спирті -300, «Парацетамол» -70, «Аспирин» -60(100), «Иодомарин» -2500, «Омез» -1800, «Канефрон» -4200, «Бронхикум» шәрбаты -1850(1890), «Супрастин» -1900, «Гипотиазид» -1300,медициналық бетперде -20, тазартылған дәке -120 теңгемен сатылуда. Жеке кәсіпкер Қымбат Меңдешованың «Олжа» дәріханасында да баға шектік деңгейден төмен. «Ингавирин» -5300, «Ацикловир» – 190(270), «Азитромецин» -3500, «Но-шпа» -3700, белсендірілген көмір -75(50), «Эссенциале форте» -2350(3700), «Смекта» -2200, «Верошпирон» -3050(3000), «Энап» -940(950), «Фенистил нью капли» -1900 (2000), этил спирті  -250(260), «Парацетамол» -70, «Аспирин» -100(60), «Иодомарин» -2500(1500), «Омез»-1750, «Канефрон» -5400(4800), «Бронхикум» шәрбаты -1910, «Ксимелин» -1000, мақта -350(300), медициналық бетперде -20, тазартылған дәке -200(90) теңгемен қойылған(Екі дәріханаға да 25 тамыз күні барғанымыздағы бағаны жақшаға алып келтірдік). Дәрі-дәрмектердің кейбірі аздап көтеріліп, енді бірі сәл төмендеген. Бірақ, шекті бағадан асып отырғаны жоқ.Азық-түлік бағасында да айтарлықтай өзгеріс жоқ. Шектік бағада пияз (97 теңге) бен қант (335 теңге) шарықтап кеткен. І сортты ұн межелі  бағадан -86, пияз – 103, қырыққабат-6, өсімдік майы -176, қораптағы сүт -4, қарақұмық – 243 теңгеге төмен ұсталуда. Күріш -104, сәбіз -33, қант -385, құс еті -484, айран -4, картоп -8 теңгеге жоғары. Мұның ішінде қанттың қымбаттауы түсінікті, өткен айларда оның тапшылығы болды. Пияздың шектік бағасын естіген кәсіпкерлер: «Ондай  пияз қайда бар? Қаладағы көтерме сауда орындарынан да пиязды келісі 97 теңгемен таппайсыз», дейді. Аралау барысында дәріханалар мен дүкендердің иелері мен қызметкерлеріне  шектік бағадан 15 пайыз асырмау қажеттігі түсіндірілді.                                                 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT