Баға мен санитарлық талап бақылауда

(0 Votes)

Қазақта «Үйдегi көңіл-күйді базардағы баға бұзады» деген қағидалы сөз бар. Сол айтқандай, базар бағасының тұрақсыздығы халықтың құтын қашыратыны үйреншiктi әдеттердің біріне айналып барады.

Әсiресе, жұртшылықты алаңдататыны – күнделiктi тұтынатын азық-түлiктің бағасы. Елде болған күрделі жағдай да экономикаға кері әсерін тигізді. Бірақ бұл азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне себеп болмау керек. Өйткені ауданда азық-түлік қоры жеткілікті, мұны аудан әкімі жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын өсірмеу  жөніндегі штаб ұдайы қадағалап отырады.

Аталған штаб мүшелері аудан орталығындағы кейбір дүкендер мен көтерме сауда орындарына рейд ұйымдастырып, жағдаймен танысып, тұтынушылармен тілдесіп қайтты. Көпшілік сатып алушы жалпы қымбатшылық болғанымен күнделікті  тұтынатын азық-түлік бағасында соңғы айда анау айтқан өсім болмағанын жеткізді. Шекті баға шеңберінен шығып кеткендерін кезіктірмегенін айтады.  Бұл ретте кәсіпкерлікпен айналысатындардың сауда-саттығын адал жүргізіп отырғанын байқаймыз. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айының басындағы баға мен биылғы жылдың алғашқы онкүндігі арасында айырмашылық байқалмайды. Тек қырыққабат, сәбіз 30-20 теңгеге қымбаттаған, ал өсімдік майы мен сары май 20-30, тауық жұмыртқасының он данасы 40-50, құс еті 200 теңгеге арзандағанын көреміз. Бірақ баға әр жерде әртүрлі, мұны тауарды Ресей бағытынан, Атырау қаласынан тасымалдануымен түсіндіруге болады. Теңге бағамы барысында күнделікті болып тұратын ауытқулар да тауар бағасын тұрақтандаруға кері әсерін тигізетінін мәлім болды. Ашық алаңда сауда жасайтындар орынақының, автотұрақ төлемінің қымбаттығына арызданды.

baa3

Екінші мәселе, коронавирус індеті жылдам таралып жатыр. Сондықтан базарлар мен сауда орындары санитарлық талаптарды қатаң сақтауы шарт. Осы түйткілді жағдай туралы штаб мүшесі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах кәсіп иелеріне түсіндіре кетті. — Соңғы күндері ковид жұқтыру дерегі елімізде едәуір өскен. Осыған байланысты адамдар гигиена мен санитарлық талапты сақтауды күшейтулері қажет. Әсіресе сауда және қоғамдық орындарға кіру тек «Ashyq» бағдарламасымен жүзеге асырылуы тиіс. Сатушылардан бетперде кию және қолды өңдейтін санитайзердің болуы талап етіледі. Қарапайым тұтынушылардан да осындай сақтық шараларын талап ету маңызды, - деген ескертпесін айтып, сауда орындарының басшыларынан, дүкен иелерінен санитарлық қатаң шараларды босаңсытып алмауын тапсырды.

baa1

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521