Біздің жолымыз емес!

(0 Votes)

Бүгінде әлем жайлаған дерт сыбайлас жемқорлықпен дүниежүзі күресіп келеді.

Бұл дерттің алдын алу, болдырмау мақсатында көптеген игі істер жүзеге асырылуда.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қатысты С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлері, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, аудандық жастар ресурстық орталығы ұжымының қатысуымен тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жиналыс өтеді. Онда қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруда еңбек тәртібін бұлжытпай сақтап, жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі қажеттігі түсіндіріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында арнайы папка ашылып, онда жасақталған іс-шаралар жоспары, өткізілген жиналыс хаттамалары, нормативтік құқықтық актілер т.б. жинақталған. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерінің жыл сайынғы табыстары мен мүліктері туралы декларацияны уақтылы, дұрыс тапсырылуы бақылауға алынған. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың келген арыздар журналға тіркеледі. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бекітілген жылдық қаражатының мақсатты жаратылуы, талаптарының сақталуы, уақытында игерілуі қамтамасыз етілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында ауылдық клубтар, аудандық орталық кітапхана, аудандық жастар ресурстық орталығы жоспарға сай тұрақты түрде шаралар өткізуде. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде де қауіпті індеттің алдын алу бағытында челлендждер ұйымдастырылуда.

З.Жоламанова,

аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521