Аудан әкімі Марат Мурзиев аудандағы кейбір құрылыс нысандарын аралады. Алдымен Құрманғазы ауылдық округінде салынып жатқан Бұзауслан жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына барды.
Жоба бойынша бұл көпір ұзыны 108, ені 2,5 метр болып, екі жағындағы пандустарымен салынады. Мердігер мекеме «Декор» ЖШС бұл жұмысты биылғы жазда бастады. Бүгінде оның астыңғы тіреулері құйылып бола келген. Енді металлдан құрастырылатын үстіңгі бөліктері қалып тұр. Құрылыстың жүру барысымен танысқаннан кейін аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы оны биыл аяқтауды тапсырды.