- Бұзауслан өзенінің қазіргі жағдайы аянышты.
Күнінде суы жағаға соғып, балалар көпір үстінен суға секіріп жататын өзен еді. Бір-екі жылдан бері күйі кетті. Бүгінде тартылып қалудың аз-ақ алдында тұр. Бұзауслан көпірінің қасы жіңішкергені сонша аттап өтуге болады. Мұның себебі неде? Алда жасалатын түп-тереңдету жұмыстарына осы өзен кіре ме? Қазір жол салып жатқандар көпір құрылысын жүргізу үшін арналарға топырақ төгіп, суды бөгеуде. Құрманғазы ауылының батыс жақ шетінде орналасқан бұрынғы емдеу-сауықтыру профилакторийдің қасындағы көпірдің асты осы сазға толы. Бұл топырақтар кері алына ма? Оны аудан әкімдігіндегі жауапты тұлғалар қадағалауда ұстап отыр ма екен? Осы сұрақтарға сүйікті газетім «Серпер» арқылы жауап алғым келеді.
Қати Сұлтанов,
Бұзаусылан ауылының тұрғыны
- Сізді толғандырған мәселе бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «СинеМидасСтрой» компанниясының өкілі Бердібек Өмірбаевпен сөйлесілді. Қазіргі уақытта олар Шағырлы елді мекенінен бері қарай жұмыс жүргізуге қажет болып бітелген топырақтар қайтадан алынып жатқанын қаперге берді. Бұрынғы санаторийдің тұсындағы көпір астындағы топырақ жақын арада алынатын болады.
Руслан Сиражев,
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы