«Сүйіндік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасап тұрғанын қаперге береміз.
Ол арнайы компьютермен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Тұрғындар қажетті анықтамалар мен құжаттарды округ әкімшілігіндегі осы бұрыш арқылы алады. Ол үшін қызмет алушының жеке куәлігі мен ұялы телефоны қажет, бейнекамераға түсу арқылы ЭЦҚ ашылады.
Цифрлық сауаттылықты арттырып, керекті құжатты өз бетінше алуға барлық мүмкіндік жасақталған. Өзге де сұрақтар бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалу арқылы сұрап білуге болады. Сондықтан тұрғындарды өз бетінше қызмет алуға шақырамыз.
Г. Пирматова
Сүйіндік ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы