Бөлімде - жаңа басшы

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бос тұрған басшы лауазымына орналасуға «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 27 бабының 10 тармағына және ҚР Президентінің №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының  2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, 2022 жылғы 11 қазандағы аудан әкімінің №338-Ө өкімімен УТЕШОВ КАДЫРЖАН ДЮСЕНБАЙҰЛЫ аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Утешов Кадыржан Дюсенбаевич 1981 жылы 2 желтоқсанда Құрманғазы ауданы,  Орлы ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ.Білімі–жоғары.
2000 жылы Астана қаласындағы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «Қаржылар», 2003 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген Орлы ауылдық округінің тұрғыны.

adyrzhan-basshy

Алғашқы еңбек жолын 2001-2002 жылдары  Бірлік ауылындағы «Каспий-Балык» өндірістік кооперативінде есепші болып бастаған.

2003-2005 жылдары аудандық жастар, турзим және спорт бөлімінде,  жалпы білім беретін кешкі мектепте есепші, 2005-2009 жылдары Құрманғазы аудандық қазынашылық бөлімінде, Атырау облысы бойынша қазынашылық департаментінде  бас маман,2009-2021 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының  жалпы бөлімінің бас маманы,  Орлы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы, аудан әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2022 жылдың шілде айынан бастап, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Тағайындалған бөлім басшысын аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев ұжымға етене таныс екенін, бұдан бұрын атқарған мемлекеттік қызметтерінде біліктілік танытқанын, бұл лауазымға да ұйымдастырушылық қабілетінің толықтай жететіндігін айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
 

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT