Бөлімде жаңа басшы

(0 Votes)

Аудан әкімінің мiндетiн атқарушы Гүлнар Хасанованың өкiмiмен Қадыржан Дүйсенбайұлы Өтешов Құрманғазы ауданы әкiмi аппараты жалпы бөлімінің басшысы мiндетiн уақытша атқарушы болып тағайындалды. Тағайындауға Қазақстан республикасының "Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 33 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы және "Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет туралы" заңының 19 бабының 2 тармақшасы негiз етiп алынды.

Жаңа басшыны аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Қуандықұлы бөлiм қызметкерлерiне таныстырып, Қадыржан Дүйсенбайұлының бұған дейін мемлекеттік қызметте жасағанын, тәжiрибелi маман екенін айтып, бұл жұмысты да абыроймен атқарды деген сенiмiн бiлдiрдi. Қызметiне сәттілік тілеп, орынына отырғызды.

Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің жаңа басшысы Қадыржан Дүйсенбайұлы өз тарапынан ризашылығын білдіріп, көрсетiлiп жатқан сенiмнен шығуға жұмыстанатынын жеткiздi.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521