Бөлімде - жаңа басшы

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды.

Жаңа басшыны жиынға қатысушыларға таныстырған  аудан әкімінің орынбасары Болатбек Серікұлы: – 2022 жылдың 11 ақпанындағы ішкі конкурс комиссиясы отырысының №3-2 хаттамасы негізінде, аудан әкімінің 14 ақпандағы №39-Ө өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  29 бабына, 30 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 1 тармағынының 4 тармақшасына сәйкес Хамзин Жасқайрат Идаятұлы Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жасқайрат Идаятұлына жаңа қызметте сәттілік, абырой тілейміз. Бұл енді маңызы зор, аудан әкімдігімен, бөлімдермен, округтермен, басқа да мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайтын сала. Қысқаша өмірбаянына тоқталсақ, Жасқайрат Идаятұлы 1990 жылы 9 сәуірде Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2012 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2013-2017 жылдары Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман болып бастаған. 2017-2019 жылдары аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы, облыстық дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің маманы, Құрманғазы аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап, Еңбекші ауылдық округі аппаратында округ әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Отбасылы. Жаңадан тағайындалған Жасқайрат Идаятұлына сәттілік тілеп, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, өздеріңізбен тығыз жұмыс жасап, Президентіміздің сындарлы саясатын қолдап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады деп аудан әкімдігі атынан сенім білдіремін, - деді.



jymdastyru-bliminde-zhaa-basshy_jpg1

 

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің жаңа басшысы Жасқайрат Хамзин көрсетіліп жатырған сенімге ризашылығын білдіріп, жұмысты жолға қоюға бар тәжірибесі мен білімін жұмсайтынын жеткізді.

Одан әрі жаңа басшыны орнына отырғызу рәсімі жасалып, бөлім басшылары тарапынан құттықталды.

Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT