Бөлімде – жаңа басшы

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиев жиынға қатысушыларға өзінің №366-ө өкімімен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқару үшін жұмысқа қабылданған Насибуллаев Рүстем Болатбекұлын таныстырды.

Соңғы жұмыс орны «ҚазТрансАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Құрманғазы газ шаруашлығы директоры болған Р.Насибуллаев 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2001-2015 жылдар аралығында ҚР кедендік бақылау комитеті Атырау департаментінің Ақкөл, Құрманғазы және Бейнеу кеден бекетінде инспектор, аға маман болды.

2015 жылы Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, 2016 жылы Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Аудан басшысы М.Мурзиев жаңадан тағайындайылған қызметінің жауапкершілігінің өте жоғары екендігін атап Р.Насибуллаевтың жұмысына сәттілік тіледі. Ол да өз кезегінде білдірілген сенімнен шығуға жұмыстанатыны жеткізді.

 

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521