Аудан әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №359-ө өкімімен Мусин Шынболат Шынтемірұлы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Мусин Шынболат Шынтемірұлы 1988 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында туған, білімі жоғары.
2005-2009 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр. Еңбек жолын 2009 жылы «ПрестижСтройИнвест Ко ЛТД» ЖШС заң көмекшісі қызметінен бастаған.
2010-2011 жылдары «Алмас-Семсер» ЖШС-де заңгер кеңесші, 2011-2012 жылдары «Полиграм» ЖШС-де заңгер, 2013-2015 жылдары Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2015 жылдан күні бүгінге дейін Атырау облысы, Құрманғазы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қызметінде жұмыс жасады.