Бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау мамырда өтеді

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаеваның мәлімдеуінше: - Қазір «Еларна» және «Балапан» арналарындағы телесабақтар кәдеге жаратылуда.

Осы тұрғыда, Құрманғазы, Орлы, Теңіз, Сафон, Байда, Жаңаталап, Ақкөл ауылдық округтері әкімдерінің бастамасымен тұрғындар ауызбіршілік танытып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына Отау-тв қондырғысы, смартфон, интернет байланысын орнату үшін роутерлерін алып берді. Біз үшін бұл үлкен көмек болды.

Қорытынды аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрілігінің №125 бұйрығына сәйкес жүзеге асып келді. Қазіргі уақытта оған өзгеріс енгізілуде, әзірге қолымызға тимей отыр. Келгеннен кейін мектептерге таратылады. Оған сәйкес қорытынды аттестаттау 9-11 сыныптарда алынып тасталды. Оқушылардың аттестатына жылдық бағалау бойынша бағалары енеді. Төртінші тоқсанда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 4-8 мамыр, ал тоқсандық жиынтық бағалау 18-22 мамыр аралығында өтеді. 25 мамырдан бастап оқушылар жазғы демалысқа шығады.

Бала үйде болғандықтан, ендігі қадағалау – тікелей ата-ананың мойнында. Бастапқыда олардың тарапынан қобалжулар мен түсінбестіктер болды. Ата-аналар толғандырған сұрақтарымен жеке өзіме де, мектептерде ашылған сall-орталықтарға да жүгінді. Үнемі кері байланысқа шығып жүргізілген түсінік жұмыстарының арқасында жаңа форматтағы оқыту жүйесі жақсы жолға қойылды деп толықтай айта аламын, - деді Г.Құбаева.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521